Алла Пугачева Ресейге оралу туралы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алла Пугачева Ресейге оралу туралы сұраққа жауап берді © instagram/maxgalkinru

РЕН ТВ телеарнасының тілшілері Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін Ресейден алғашқылардың бірі болып кеткен әнші Алла Пугачева мен оның жары Максим Галкинді Израильден іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші "Жақын арада отаныңызға оралу жоспары бар ма" деген сұраққа жауап берді.

"Әрине! Демалыс аяқталады. 1 қыркүйекте балалар мектепке баруы керек. Қазір олар онлайн оқып жатыр", - деді Пугачева.

Алла Пугачева мен Максим Галкин балалары Лиза және Гарримен ақпанның соңында Ресейден кетіп қалған. Бұған дейін Галкин Украинадағы соғысқа қарсы пікір білдірген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети