25 ақпан 2019 13:17

Алматы соты Тойғанбаевтың мүлкін тәркілеу туралы өтінішті қанағаттандырмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Алматы қалалық соты қазақстандық Әділ Тойғанбаевтың мүлкін тәркілеу туралы шешімнің күшін жойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық соты қазақстандық Әділ Тойғанбаевтың мүлкін тәркілеу туралы шешімнің күшін жойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

2017 жылы қыркүйекте Бішкекте Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың күйеу баласы сырттай 20 жылға сотталған еді. Одан бөлек, сот шешімімен Тойғанбаевтың мүліктері тәркіленуі тиіс болған. Үкім бойынша, бұл істе жәбірленуші саналатын "Манас халықаралық әуежайы" ААҚ-ға 680 миллионға жуық сом (сол кездегі теңге бағамы бойынша 3 миллиард теңгеден астам) беруі керек еді. Сотталушыдан осы ақшаны өндіріп алу үшін Бішкектің Первомайское аудандық соты Тойғанбаевтың тұрғылықты жеріндегі сотқа жүгінген.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, Медеу аудандық сотына мүлікті тәркілеу, Қырғызстан кірісіне жасалған материалдық шығын мен айыппұлдарды өндіру туралы өтініш түскен. 2018 жылы 3 шілдеде бірінші инстанция соты Первомайский аудандық соты шешімінің Қазақстан аймағында орындалуы туралы өтінішін қабылдады.

Алайда Әділ Тойғанбаевтың қорғаушысы Алматы қалалық сотына аппеляция берген болатын. 2019 жылдың 20 ақпанында апелляциялық комиссия қорғаушының шағымын қанағаттандырып, аудандық соттың шешімін алып тастады.

Әділ Тойғанбаев - Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың үлкен қызы Бермет Ақаеваның күйеуі. 2005 жылы тамызда еліміздің Бас прокуратурасы оны тұтқынға алуға ордер берді. Тойғанбаев алаяқтық, үлкен көлемде қаржы ұрлау және салықтан жалтару бойынша айыпталған. 2016 жылдың наурызында оны Интерпол Дубай қаласында ұстағаны туралы хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети