Алматыға Ауғанстаннан келгендердің ПТР-талдау нәтижесі белгілі болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыға Ауғанстаннан келгендердің ПТР-талдау нәтижесі белгілі болды Фото: gov.kz

Қазақстанға Ауғанстаннан келген барлық адам COVID-19-ға сынама тапсырды. Бұл туралы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға Ауғанстаннан келген барлық адам COVID-19-ға сынама тапсырды. Бұл туралы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық сараптама орталығы мәліметінше, Кабулдан келген Қазақстан азаматтары мен БҰҰ қызметкерлері арасынан ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткені жоқ.

Айта кетейік, 19 тамызда Кабулдан Алматыға 2 рейс келді. Алғашқы рейспен 27 Қазақстан азаматы (оның ішінде 6 бала) және 15 Қырғызстан азаматы келді, олар әуежайдан бірден туған жеріне кетті. Shera Inn қонақүйіне Қазақстанның 27 азаматы орналастырылды.

Екінші рейспен БҰҰ дипломатиялық миссиясының 135 мүшесі келді, олардың арасында Ауғанстан азаматтары жоқ. Олар Rixos қонақүйіне орналастырылған.

22 тамызда Кабулдан Алматыға 108 адам келді, олардың барлығы БҰҰ дипломатиялық миссиясының мүшелері. Олар Intercontinental қонақүйіне орналастырылды.

Бұған дейін БҰҰ-ның барлық қызметкеріне вакцина егілгені және екпе төлқұжаты бар екені хабарланған болатын. Бұған қоса, қауіпсіздік тұрғысынан олардың орналасқан жері жарияланған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети