Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторына қамалды

viewings icon 968 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Алмазбек Атамбаев. © REUTERS/Vladimir Pirogov Алмазбек Атамбаев. © REUTERS/Vladimir Pirogov

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы оның адвокаты Сергей Слесарев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша тергеу изоляторына қамалды. Бұл туралы оның адвокаты Сергей Слесарев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адвокаттың айтуынша, Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне судья шақырылып, шұғыл түрде отырыс өткізген. Соттың шешімімен Атамбаев 26 тамызға дейін - тергеу жұмыстары жүріп жатқан кезге дейін қамауға алынды.

"Ешкім де ұсталғаны жайлы немесе мәжбүрлі түрде жеткізілгені жайлы құжаттарды көрсеткен жоқ. Бүгін береміз деп уәде берді. Менің қорғалушым қолына бір қағазды беріп, бірден бұлтартпау шарасын қабылдады", - деді Сергей Слесарев.

Бірақ адвокат Алмазбек Атамбаевқа тағы қандай айыптар тағылуы мүмкін екенін айта алмады.

Еске салайық, кеше, 9 тамызда Алмазбек Атамбаев ұсталған еді. Оған дейін Атамбаевтың үйіне басып кіру операциясының қайта басталғаны хабарланған болатын. 

Ал 7 тамызда Қырғызстанда Атамбаевты ұстау операциясы жүріп жатқаны хабарланған болатын. Президенттің резиденциясы айналасында тікұшақ ұшып жүргені айтылған болатын. Журналистердің мәліметінше, Атамбаевтың жақтастары кірген киіз үйге жарық-дыбыс гранатасы лақтырылған. 

Кейінірек Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев мәлімдеме жасаған болатын. "Атамбаевтың аузын жабу үшін билік өз халқына оқ атуға дайын. Қарапайым халыққа, қырғызстандықтарға алғысым шексіз, олар жиналып, мені ұстап әкетуіне жол бермеді. Биліктегілерге ойлану керек, біз тізерлеп жүріп өмір сүретін халық емеспіз", - деген еді экс-президенті мәлімдемесінде.

Арнайы жасақ берілді: Атамбаевтың жақтастары олардың қаруын тартып алған

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
16°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю