Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторында отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторында отыр Фото: 24.kg

Сот Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев үшін бұлтартпау шарасын әлі таңдамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев үшін бұлтартпау шарасын әлі таңдамады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Экс-президенттің қорғаушысының айтуынша, Алмазбек Атамбаев ұстау мерзімінің өткеніне қарамастан, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторында отыр. 

"Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіндегілердің айтуынша, Атамбаев жаппай тәртіпсіздікке кінәлі деп танылған, бірақ ешқандай ресми құжат бермеген. Ұстаудың 48 сағаты өтіп кетті, бірақ оған бұлтартпау шарасы таңдалмады. Бұрынғы президентті неге қамауда ұстап отырғаны түсініксіз", - деді Замир Жоошев.

Еске салайық, Бішкекте Ала-Тоо алаңында 9 қазанда өткен жаппай тәртіпсіздіктен кейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті экс-президент Алмазбек Атамбаевты ұстаған болатын. Оған жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети