08 маусым 2021 | 17:41

Алмазбек Атамбаевтың жағдайы ауыр екені хабарланды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:24.kg Фото:24.kg

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты шұғыл ауруханаға жатқызу керек. Бұл туралы оның адвокаты Замир Жоошев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты шұғыл ауруханаға жатқызу керек. Бұл туралы оның адвокаты Замир Жоошев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Атамбаев инфаркт алуы мүмкін, бұрынғы аурулары да асқынып кеткен. Атап айтқанда, арқадағы ауырсынуы күшейе түскен. Алайда бір ай бұрын тағайындаған сот-медициналық сараптама әлі аяқталмаған.

Адвокаттың сөзінше, 148 парақ медициналық тарихының көшірмесі судьяларға берілген. Ол сараптама тағайындалғанын атап өтті.

"Алмазбек Атамбаев кешенді емдеуге жатқызылуы тиіс. Ол оны колонияда ала алмайды. Біз оны ауруханаға жатқызу үшін санкцияны үйқамаққа өзгертуге бірнеше рет өтініш жазғанбыз. Бірақ келісім бермей жатыр", - деді Замир Жоошев.

Еске салайық, Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 2019 жылғы 7-8 тамызда болған Қой-Таш ауылындағы тәртіпсіздіктер, сыбайлас жемқорлық деректері және қылмыстық кірістерді заңдастыру істері бар. Қаңтарда Қырғызстанның экс-президенті тергеу изоляторынан колонияға ауыстырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети