Алты ел Netflix-тен "исламға қайшы келетін" контентті алып тастауды талап етті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алты ел Netflix-тен "исламға қайшы келетін" контентті алып тастауды талап етті Фото:instagram.com/netflix

Сауд Арабиясы және Парсы шығанағы елдері Netflix-тен платформадағы "исламға қайшы келетін" контентті жоюды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауд Арабиясы және Парсы шығанағы елдері Netflix-тен платформадағы "исламға қайшы келетін" контентті жоюды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің әріптестік кеңесі (CSAGPZ) елдерінің бірлескен мәлімдемесінде материалға нақты нұсқау жоқ, тек исламға қатысты және әлеуметтік құндылықтарға қайшы келетін контент туралы айтылады. Елдер бұл контент жойылмаса, Netflix-ке қарсы сот ісі ашылатынын айтып қорқытқан.

Сондай-ақ, Netflix Парсы шығанағы елдерінде жұмыс істейтін медиаконтент ережелерін бұзатын контентті таратып жатқаны айтылады.

Сауд Арабиясының мемлекеттік теледидары "Мир юрского периода: Лагерь мелового периода" анимациялық шоуынан бұлыңғыр кадрлар көрсеткен, онда екі жасөспірім қыз бір-біріне ғашық болып, сүйіседі.

Al Ekhbariya TV телеарнасының репортажында Netflix-ті "саналы ұрпақ тәрбиесіне қауіп төндіретін азғын хабарларға арналған кинематографиялық мұқаба" деп айыптаған жазбамен бірге француздық "Милашки" фильміндегі кадрлар да бар. Калифорнияда орналасқан Netflix америкалық ойын-сауық компаниясы бұл мәлімдемелерге әлі жауап бермеген.

Парсы шығанағы араб мемлекеттерінің әріптестік кеңесі - Таяу Шығыстың алты елінің, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Кувейт, Омар және Катардың саяси және экономикалық альянсы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети