20 сәуір 2014 20:06

Алясканың Ресейге қосылуы туралы петицияны Ақ үй сайттан алып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Алясканың Ресейге қосылуы туралы петицияны Ақ үй өз сайтынан алып тастады. Өйткені петиция жеткілікті түрде дауыс жинай алмаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 


 Алясканың Ресейге қосылуы туралы петицияны Ақ үй өз сайтынан алып тастады. Өйткені петиция жеткілікті түрде дауыс жинай алмаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 

Америка тарапынан петицияға ресми жауап ретінде кемінде жүз жақтаушы қол қою керек болған. Алайда петиция барысында бар болғаны 42 жақтаушы дауыс берді. 20 сәуірде Ақ үйдің сайтында тиісті дауыс жинай алмағандықтан петицияның мерзімі біткені туралы айтылған. 

Естеріңізге сала кетейік, Алясканы Ресейге қайтаруға қатысты петиция 21 наурызда Ақ үйдің сайтында жарияланып, қол жинау басталып кеткен еді. Алайда АҚШ билігі мұны сайттан жасырып қалмақ болды. Ақ үй сайтының тиісті бөліміне петицияны Сергей Воропаев орналастырыпты. Алясканың Ресейге қайтарылуына тек тікелей сілтемесі бар азаматтар ғана дауыс бере алатыны хабарланған болатын. Петиция туралы ақпарат Ақ үй сайтының негізгі бетінде бірнеше минут қана тұрып, кейін жоғалып кеткен.

Сайт ережесі бойынша, АҚШ әкімшілігі петиция туралы ақпараттың орналасуына, ондағы талаптарды орындауға заң жүзінде міндетті емес. Алайда сайт ережесіне сәйкес Ақ үй егер петицияда белгіленген мөлшерде дауыс жиналса, соған қатысты барлық сауалдарға жауап беруі тиіс. Сондай-ақ Ақ үй жауаптарды құрастыруға қатысты құқық қорғау органдарының жұмысына араласпайтыны ережеде айтылған.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети