Индонезияның Сулавеси аралында тұрғындар 8 метр питонның ішінен адамның денесін алып шықты. Алып жылан әйелді бақшасына барар жолда жұтып қойған, - деп хабарлайды НТВ жергілікті The Jakarta Post газетіне сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, бейсенбі кешкісін 54 жастағы Ва Тиба атты әйел үйінен бір шақырым қашықтықтағы жер теліміндегі еккен өнімдерін көріп қайтуға кеткен. Келесі күні таңғысын әйелдің отбасы дабыл қағады.
Әпкесін іздеп шыққан сіңлісі тек іздер, шам мен мачетені тапқан. Ол бірден жергілікті тұрғындарды көмекке шақырады. Бірнеше сағаттан кейін тұрғындар іші қампайып тұрған ірі питонды ұстап алады. Питонның ішін жарған кезде жоғалып кеткен әйелдің денесі шыққан.