Алып жылан бақшасын тексеруге шыққан әйелді жұтып қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алып жылан бақшасын тексеруге шыққан әйелді жұтып қойған Видеодан алынған кадр

Индонезияның Сулавеси аралында тұрғындар 8 метр питонның ішінен адамның денесін алып шықты. Алып жылан әйелді бақшасына барар жолда жұтып қойған, - деп хабарлайды НТВ жергілікті The Jakarta Post газетіне сілтеме жасап. 

Басылымның жазуынша, бейсенбі кешкісін 54 жастағы Ва Тиба атты әйел үйінен бір шақырым қашықтықтағы жер теліміндегі еккен өнімдерін көріп қайтуға кеткен. Келесі күні таңғысын әйелдің отбасы дабыл қағады. 

Әпкесін іздеп шыққан сіңлісі тек іздер, шам мен мачетені тапқан. Ол бірден жергілікті тұрғындарды көмекке шақырады. Бірнеше сағаттан кейін тұрғындар іші қампайып тұрған ірі питонды ұстап алады. Питонның ішін жарған кезде жоғалып кеткен әйелдің денесі шыққан. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети