Бүгін, шілденің 5-і, футболдан ӘЧ-2014 соңғы ширекфинал ойындары аяқталады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін, шілденің 5-і, футболдан ӘЧ-2014 соңғы ширекфинал ойындары аяқталады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші болып алаңға Аргентина мен Бельгия құрамалары шығады. Бұл матчты "Еуразия" Бірінші арнасы" көрсететін болады. Ойын Астана уақытымен кешкі 22.00-де басталады, ал түнгі 02:00-де басталатын келесі ойында Голландия мен Коста-Рика командалары кім мықтыны анықтайды. Ол матчты "Қазақстан" және "KazSport" телеарналары көрсететін болады.
Бұған дейінгі ойындарда Франция құрамасын 1:0 есебімен жеңген Германия командасы жартылай финалға жолдама алған еді. Ол ойындағы жалғыз голды Матс Хуммельс 13-ші минутта соққан. Ал енді немістер Колумбия құрамасынан 2:1 есебімен басым түскен бразилияылқтармен ойнайтын болады. Ал бұл ойынның алғашқы голын 7-ші минутта Бразилия құрамасының капитаны Тиаго Сильва соқса, Давид Луисдің ойынның 69-шы минутында салған голы ӘЧ-2014 өткізуге иелік етіп отырған командасының есебін еселей түсті. Ал Колумбия құрамасының ойыншысы Хамес Родригестің 80-ші минутта пенальтиден соққан голы есепті тек қысқарта алды.
Еске саламыз, ӘЧ-2014 Бразилияның 12 қаласында өтіп жатыр. Ондағы турнир жеңімпазы 35 миллион долларға иелік ететін болса, ал екінші орыннан көрінгендер 25, үшінші орынға шыққандар 22 миллион долларды қанжығаларына байлайтын болады.