Аман Төлеев отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аман Төлеев отставкаға кетті © РИА Новости / Александр Кряжев

Аман Төлеев Кемеров облысының губернаторы қызметінен мерзімінен бұрын, өз қалауымен кетті, деп хабарлады РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аман Төлеев Кемеров облысының губернаторы қызметінен мерзімінен бұрын, өз қалауымен кетті, деп хабарлады РИА Новости.

"Аман Төлеев Кемеров облысының губернаторы қызметінен өз қалауымен кету туралы өтініш жазды", - дейді агенттіктегілер.

"Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев қызметінен өз қалауы бойынша босату туралы Ресей президенті Владимир Путинге үндеу жасады", - деді облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіндегілер.

Аман Төлеев 73 жаста, ол саясатқа 1980 жылдардың аяғында келген. Кемеров облысын 1997 жылдан бері басқарды, өңірдің басшысы қызметіне төрт рет сайланған, оған 93,5-96,69 пайыз дауыс берілген. Ол бұл қызметте 2020 жылға дейін болуы тиіс еді. Кемеров облыстық Жарғысына сәйкес, өңір басшысының міндетін губернатордың бірінші орынбасары атқаратын болады.

Еске сала кетейік, 2018 жылы 25 наурызда Кемеровадағы "Зимняя вишня" сауда орталығында өрт болып, 64 адам қаза тапты, олардың арасында 41 бала бар. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қазіргі таңда зардап шеккендердің саны 79 адамға жеткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети