19 қараша 2021 13:06

Амазонка ормандарын кесу кейінгі 15 жылдағы максимумға жетті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Бразилияда Амазонка тропикалық ормандарын кесу бір жыл ішінде 22 пайызға өсті және кейінгі 15 жылдағы максимум деңгейге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.


Бразилияда Амазонка тропикалық ормандарын кесу бір жыл ішінде 22 пайызға өсті және кейінгі 15 жылдағы максимум деңгейге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Бразилияның INPE ғарыштық зерттеу агенттігі PRODES спутнигінің деректерінде әлемдегі ең үлкен тропикалық орманда 13 235 шаршы шақырым ағаш кесілгенін тіркеді, бұл Нью-Йорк алаңынан 17 есе көп. Орманды кесу туралы ресми мәліметтер 2020 жылдың тамызынан 2021 жылдың шілдесіне дейінгі кезеңді қамтиды.

Агенттік Болсонароның үкіметі климаттың апатты жағдайда өзгеруінің алдын алу үшін маңызды саналатын Амазонканы қорғауға бейжай қарамайтынын көрсетуге тырысқанына қарамастан, орманның жойылуы өсіп келе жатқанын атап өтті.

©REUTERS 

"INPE жазбасындағы мерзімге назар аударыңыз. Үкімет СОР26-ға орман кесу туралы мәліметті біле отырып барды, оны жасырып қалды", - деп жазды Twitter-де Бразилияның Адам құқықтары жөніндегі тобы Climate Observatory.

Бұл мәселеден хабардар дереккөз БҰҰ саммиті басталғанға дейін үкіметтің бұл мәліметтерді білгенін растады.

©REUTERS 

Амазонка алқабы - өсімдіктер мен жануарлардың үш миллионға жуық түрінің, миллион байырғы тұрғындардың туып-өскен жері. Бұл - жаһандық жылыну қарқынын бәсеңдететін өмірлік маңызды қойма. Президент Джаир Болсонароның басқаруы кезінде Амазонка орманын кесу деңгейі өсті, ол тропикалық ормандардағы ауыл шаруашылығы мен тау-кен жұмыстарын қолдады.

©REUTERS  

Бұрын адамдар әлемдегі алғашқы тропикалық орман алқабының үштен екісін жойғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети