American Airlines әуе компаниясының жолсерігі жолаушылардың айтуынша, баласын көтерген әйелді балаарбамен ұрып жіберген, - деп хабарлайды АВС. Ол осы әрекеті үшін уақытша жұмыстан босатылды.
American Airlines әуе компаниясының жолсерігі жолаушылардың айтуынша, баласын көтерген әйелді балаарбамен ұрып жіберген, - деп хабарлайды АВС. Ол осы әрекеті үшін уақытша жұмыстан босатылды.
Оқиға 21 сәуірде Сан-Франциско - Даллас рейсіне жолаушыларды отырғызу кезінде болған. Осы оқиғаның видеосын жолаушылардың бірі әлеуметтік желіде жариялаған. Тура оқиғаның басы түсірілмеген, алайда видеоны түсірген адам былай деді: "Құдайым-ау! Жол серік әйел адамның қолынан балаарбасын жұлып алып, соққы жасады, сәбиге тиіп кетуге сәл-ақ қалды".
Әуе компаниясының өкілі осы іс бойынша тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Жанжал әйелдің ұшақ бортына балаарбаны кіргізуге бола ма? - деп сұрауынан басталған. "Біз ол әйелден және оның отбасынан, сонымен қатар осы оқиғадан жаман әсер алған барлық жолаушылар мен клиенттердің алдында кешірім сұраймыз", - делінген компанияның мәлімдесінде. Сонымен қатар, әйелге балаларымен бірге жоғарғы санаттағы қызмет көрсету бөліміне ауыстырылған, ал жол серік тергеу аяқталғанша қызметінен уақытша босатылды.