Америка тұрғыны бір түнде триллионер атанды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрация: pixabay.com Иллюстрация: pixabay.com

АҚШ-тың Джорджия штатының тұрғыны Крис Уильямсон криптоквалютаға салған ақшасының арқасында бір түнде триллионер атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox Business басылымына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Джорджия штатының тұрғыны Крис Уильямсон криптоквалютаға салған ақшасының арқасында бір түнде триллионер атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox Business басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, Уильямсон Rocket Bunny деп аталатын криптовалютаға 20 доллар салған. Жақында ол шотын тексеріп, триллионер атанғанын білген. 

"Төсектен құлап қалдым. Содан кейін досыма қоңырау шалып, маған мұның бәрін қалай сатып жіберу керек екенін түсіндіруін сұрадым", - дейді Уильямсон басылымға берген сұхбатында.

Ер адам криптовалютаны басқа шотқа аудармақ болған, бірақ бұл жағдайда сома мүлдем басқаша болады.

Жағдайды нақтылау үшін Уильямсон Coinbase криптовалюта сатып алу және сату алаңынан көмек сұраған, онда олар қазіргі уақытта бұл мәселені зерттеп жатқанын айтты. Ол Rocket Bunny жасаушыларына да жүгінген, бірақ жауап алмапты. Бір нәрсені түсіндіре ала ма деп Илон Маскқа да жазған көрінеді. 

"Жағдайға қарасақ, бұл соманы ешқашан ала алмайтынымды түсінесің", - дейді Крис Уильямсон.

Қазір триллиондар жатқан шот уақытша бұғатталып тұр, сондықтан ер адам одан ақша ала алмайды немесе олардан бірдеңе сатып ала алмайды.

Уильямсон ақшаға қол жеткізсе, адамдарға, ең алдымен туыстарына көмектесетінін айтады.

Басылымда жаңа триллионердің досы да осы криптовалютаны сатып алғаны, бірақ оның есебінде ақша көбеймегені жазылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro