Нью-Йоркте америкалық әйел алты жасар қызын таксиде қалдырып, банк тонап кеткен, - деп хабарлайды РИА Новости CBS New York телеарнасына сілтеме жасап.
Нью-Йоркте америкалық әйел алты жасар қызын таксиде қалдырып, банк тонап кеткен, - деп хабарлайды РИА Новости CBS New York телеарнасына сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, 28 жастағы Диана Марини Chase банкіне кіріп, кассирге барлық ақшаны беруін талап еткені қысқа хатты берген. Қызметкер ұры әйелдің айтқанын орындаған, осыдан кейін әйел адам күтіп тұрған таксиге отырып кетіп қалған.
Полицейлер такси жүргізушісінің артына түсіп, қуып жеткен. Көліктің есігін ашқан кезде әйел адам баласымен отырған. Мариниге қатысты тонау дерегі бойынша және балаға қауіпсіздікті қамтамасыз етпегені үшін іс қозғалды. Қыз баланы отббасының басқа мүшелеріне табыстады.