30 қараша 2016 | 11:33

Америкалық "ДАИШ" атынан мыңдаған адамды өлтіруге дайындалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Моргантон қаласының тұрғыны Джастин Салливан "ДАИШ" (Қазақстанда тиым салынған) тобының идеялары үшін жаппай адам өлтіруге дайындалғанын мойындады, - деп хабарлайды Lenta.ru америкалық әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Моргантон қаласының тұрғыны Джастин Салливан "ДАИШ" (Қазақстанда тиым салынған) тобының идеялары үшін жаппай адам өлтіруге дайындалғанын мойындады, - деп хабарлайды Lenta.ru америкалық әділет министрлігінің сайтына сілтеме жасап. 

20 жастағы айыпталушы сесйенбі күні Эшвилл қаласында федералдық соты алдында жауап берген және тағылған айыптардың бірі - теракт жасауға оқталу бойынша кінәсін мойындады. 

Салливанның айтуынша, ол  2014 жылы интернет арқылы "ДАИШ" терактілерін көргенін және өз компьютеріне жазып алғанын айтады. Ал осы топ идеяларын ұстанатынын ата-анасына ашық айтқан.

2015 жылы 7 маусымда ол батыс елдерінде теракт жасау үшін өз қатарларына адам тартумен айналысқан белгілі экстремистердің бірі Джунейд Хуссейнмен (кейін Сирияда өлтірілген) танысады. Өзінің топ идеяларына адал екенін дәлелдеу үшін америкалық "ДАИШ" атынан Солтүстік Каролина және Вирджиния штатында жүздеген адамды атып тастамақ болған. Ал Хуссейн оған терактіні видеоға түсіруге бұйрық берген. 

Осы кезде Федералды тергеу бюросының (ФТБ) агенті әлеуметтік желі арқылы онымен террористерді жақтаушы болып танысады. Салливан агентке AR-15 винтовкасы мен оған жарылғыш оқ сатып алғысы келетінін, ал қылмысын концерттерде, бар, түнгі клубтар мен өзге адам көптеп жиналатын орындарда жасамақ болғанын айтқан. Ол мыңдаған адамды өлтіруді алдына мақсат етіп қойғанын айтыпты. 

Америкалық жігіттің ата-анасы да ұлының мінез-құлығына алаңдап, жергілікті билік өкілдеріне хабар берген. 2015 жылы 19 шілдеде ата-анасының Салливан тұтқындалады және сол жерден оның терактқа дайындалғанына дәлел табылған. Сонымен қатар 2014 жылы ол көршісін өлтіргені де дәлелденіп отыр, дегенмен, бұл қылмысты Салливан мойындап отырған жоқ.

Терактіге дайындық үшін оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. 

Мұның алдында Огайо штатындағы мемлекеттік университетіндегі 18 жастағы Сомали тумасы жасаған шабуылды да "ДАИШ" өз мойнына алған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети