Америкалық компанияның зымыраны аспанда жарылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Америкалық Firefly Aerospace компаниясының Alpha зымыраны ұшырылғаннан кейін бірнеше минуттан соң жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta.ru басылымына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық Firefly Aerospace компаниясының Alpha зымыраны ұшырылғаннан кейін бірнеше минуттан соң жарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Gazeta.ru басылымына сілтеме жасап. 

"Көтерілудің бірінші кезеңінде ауытқулар пайда болды, бұл зымыранның жарылуына әкелді. Қосымша ақпарат жиналғанда хабарланады", - делінген Firefly Aerospace-тің Twitter-дегі хабарламасында.

Spaceflight Now қызметінің мәліметінше, жарылыс ұшқаннан кейін 2,5 минуттан соң болған.

АҚШ-тың ғарыш күштері "Ванденберг" әскери-әуе күштерінің базалары Firefly Aerospace америкалық компаниясының Alpha зымыранын ұшыруды қашықтан аяқтағанын мәлімдеді. Бұл туралы әскери базаның сайтында хабарланды.

"ВВС Space Launch Delta 30 әуе күштері Тынық мұхиты уақыты бойынша 19.01-де Firefly Aerospace Alpha зымыранын ұшырды, ол 2 қыркүйекте 18.59-да Ғарыштық күштер базасында 2-ғарыштық ұшыру кешенінен шықты", - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Әскерилер жақын арада мамандар оқиғаның себептерін анықтау үшін жиналыс өткізетінін атап өтті.

2020 жылдың 20 қыркүйегінде Firefly Aerospace компаниясы зымыранның бірінші сатысын жерде сынақтан өткізді. Alpha зымыранының статикалық сынақтары 18 тамызда сәтті өткені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro