АҚШ-тың Калифорния штатындағы Вентура қаласында мейрамхананың қызметкерлері ғимаратта елес бар деген шешімге келді, - деп хабарлайды New York Daily News.
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Вентура қаласында мейрамхананың қызметкерлері ғимаратта елес бар деген шешімге келді, - деп хабарлайды New York Daily News.
Кафе қызметкерлерінің бірі таңертең жұмысқа келген уақытта бір үстелдің құлап жатқанын байқаған. Ер адам жасырын камераларын қарап шығып, үстелдің өздігінен құлағанын көрген. Екінші оқиға тал түсте болған - мейрамхана қонақтарының бірі ғимараттағы жиһаздың қозғалғанын көрген. "Елестің" бұл әрекеті де видеоға түсіп қалды.
"Бұл өте түсініксіз. Біз 27 жылдан бері жұмыс істеп келеміз, мұндайды бірінші рет көріп отырмыз", - деді қожайындардың бірі Дэйв Фолдз. Оның айтуынша, қызметкерлер осыдан 25 жыл бұрын қайтыс болған кафе келушілерінің әруағы деп санайды.
Кафе қонақтары "әруақтың" бұл әрекетінен қатты қорыққан жоқ. "Маған бәрібір, ең бастысы мен отырған үстелді қозғалтпаса болғаны", - дейді олардың бірі. YouTube желісінің қолданушылары мейрамхана қызметкерлерінің бұл жаңалығына сенбейді, олардың айтуынша, кафе қожайындары осылайша клиент тартпақшы.