Америкалық мейрамханада бейне бақылау камералары "елесті" түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық мейрамханада бейне бақылау камералары "елесті" түсіріп алды

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Вентура қаласында мейрамхананың қызметкерлері ғимаратта елес бар деген шешімге келді, - деп хабарлайды New York Daily News.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Вентура қаласында мейрамхананың қызметкерлері ғимаратта елес бар деген шешімге келді, - деп хабарлайды New York Daily News.

Кафе қызметкерлерінің бірі таңертең жұмысқа келген уақытта бір үстелдің құлап жатқанын байқаған. Ер адам жасырын камераларын қарап шығып, үстелдің өздігінен құлағанын көрген. Екінші оқиға тал түсте болған - мейрамхана қонақтарының бірі ғимараттағы жиһаздың қозғалғанын көрген. "Елестің" бұл әрекеті де видеоға түсіп қалды. 

"Бұл өте түсініксіз. Біз 27 жылдан бері жұмыс істеп келеміз, мұндайды бірінші рет көріп отырмыз", - деді қожайындардың бірі Дэйв Фолдз. Оның айтуынша, қызметкерлер осыдан 25 жыл бұрын қайтыс болған кафе келушілерінің әруағы деп санайды. 

Кафе қонақтары "әруақтың" бұл әрекетінен қатты қорыққан жоқ. "Маған бәрібір, ең бастысы мен отырған үстелді қозғалтпаса болғаны", - дейді олардың бірі. YouTube желісінің қолданушылары мейрамхана қызметкерлерінің бұл жаңалығына сенбейді, олардың айтуынша, кафе қожайындары осылайша клиент тартпақшы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети