Амман қаласындағы көшелердің біріне Абай есімі беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Амман қаласындағы көшелердің біріне Абай есімі беріледі © ҚР СІМ

Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Айдарбек Тұматов Амман қаласының мэрі Юсеф аш-Шауарибпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Айдарбек Тұматов Амман қаласының мэрі Юсеф аш-Шауарибпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында тараптар Нұр-Сұлтан әкімдігі мен Амман муниципалитеті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын, сондай-ақ екіжақты бастамаларды қолдау көрсету мәселесін талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Осы ретте Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты ашылу рәсімімен Амман қаласындағы орталық көшелердің біріне қазақтың ұлы ақынының есімін беру туралы уағдаластыққа қолжеткізілді.

"2010 жылдың мамыр айында Король ІІ Абдалланың Жарлығымен Иордания астанасының орталық көшелерінің біріне ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың есімі берілді. 2018 жылғы желтоқсанда Амманда Астана көшесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Нұр-Сұлтанда Иордания астанасы Амман атындағы көше бар, ал 2017 жылғы 27 шілдеде Иорданияның ұлттық күні аясында "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінде Хусейн бен Талал атындағы көшені ашу рәсімі өтті", - делінген СІМ хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети