Ангела Меркель мен Франсуа Олланд Киевке келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ангела Меркель мен Франсуа Олланд Киевке келеді

Франция президенті Франсуа Олланд, Германия канцлері Ангела Меркель және АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри Киевке барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты Украина президентінің әкімшілігі мен сыртқы істер министрлігіндегілер растады.

Сапардың 5 ақпанға жоспарланғаны белгілі болды. Бұл туралы Украина президенті әкімшілігінің басшысы Валерий Чалый өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады. "Бүгінгі Киев, асырып айтқаным емес - Еуропаның дипломатиялық астанасы. Украина президенті мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керридің кездесуі. Бірнеше сағаттан кейін Германия канцлері Ангела Меркель мен Франция президенті Франсуа Олланд ұшып келеді. Келіссөздердің негізі - Украинаны қолдау, Минск уағдаластықтарын жүзеге асыру мен барлық тараптың тиімді тетіктерін іске асырудың жолдарын қарастыру. Мюнхен қарсаңындағы келіссөздер форматының үлгісі туралы да сөйлесеміз", - деп жазды ол.

Бұған дейін АҚШ президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдайды телефон арқылы талқылаған болатын. Екі ел көшбасшысының Ресейді Донецк пен Луганск халықтық республикаларының сарбаздарына қолдау көрсетіп, бейбітшілік келісімге сәйкес өз міндеттерін атқармағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы ойлары бір жерден шықты. Сонымен қатар, Обама мен Меркель Украина экономикасын тұрақтандыру үшін Киевке әрі қарай да қаржы жеткізіп тұруға келісті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети