Ангела Меркель "Талибан" туралы мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ангела Меркель "Талибан" туралы мәлімдеме жасады Фото ©REUTERS

Германия канцлері Ангела Меркель Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысымен (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) келіссөз бастауға шақырды. Германия министрлер кабинетінің басшысы жексенбіде Хагенде (Солтүстік Рейн-Вестфалия) өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW.com сайтына сілтеме жасап.

"Талибанға (өкілдеріне - авт.ескерт.) келетін болсақ, әрине, олармен сөйлесуіміз керек. Өйткені қазір олармен істес болуға тура келеді", - деді Меркель.

Германия канцлерінің айтуынша, мұқтаж ауғандарды эвакуациялау үшін мұндай диалог қажет. Сонымен қатар, Меркель әуежайды ашу жақсы сигнал екенін айтты.

"Біз елден Германияның дамуымен байланысты ұйымдарда жұмыс істеген және қазір қауіп төнуі мүмкін адамдарды алып кеткіміз келеді", - деп қосты Германия үкіметінің басшысы.

Ол келіссөз Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізуді жалғастыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Басылым мәліметінше, осы жазда су тасқынынан зардап шеккен Хагенге Меркельмен CDU/CSU блогынан бірге барған Германия канцлері лауазымына үміткер Армин Лашет те "Талибан" өкілдерімен келіссөздерді қолдайтынын білдірді.

Меркельдің түсініктемесі Welt am Sonntag газетінде жарияланғаннан кейін, онда қозғалыс өкілі Забихулла Муджахид бұл топтың "Германиямен берік және ресми дипломатиялық қарым-қатынас орнатқысы келетінін" айтты.

Бұл ретте Ангела Меркель "Талибан" бақылауындағы Ауғанстанмен толық дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруді қолдайтыны туралы ештеңе айтқан жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети