19 шілде 2019 | 18:29

Ангела Меркельдің сырқаты: Канцлер қызметін жалғастыра алатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Германия канцлері Ангела Меркель журналистерге берген сұхбатында денсаулығына алаңдап жүрген адамдарды түсінетінін жеткізді, бірақ бұл оның жеке мәселесі екенін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Германия канцлері Ангела Меркель журналистерге берген сұхбатында денсаулығына алаңдап жүрген адамдарды түсінетінін жеткізді, бірақ бұл оның жеке мәселесі екенін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

"Менің денсаулығыма қатысты сұрақтарды түсінемін, бірақ мен оған жауап беріп қойғанмын", - деді Меркель Берлиндегі баспасөз мәслихатында. 

Айтуынша, ол канцлер ретінде өз қызметін атқара алатындай жағдайда болуы керек екенін түсінеді. 

"2021 жылы саяси жұмысымды аяқтаймын. Бірақ кейін өмірім жалғасады деп үміттенемін, оны аман-саулықта өткізгім келеді", - деді Меркель. 

17 шілдеде Германия канцлері 65 жасқа толған болатын. Ол канцлер қызметін 14 жылдан бері атқарып келеді. 

Соңғы уақытта Ангела Меркельдің денсаулығы сыр бере бастаған еді: Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу барысында канцлердің дірілдеп тұрғаны видеоға түсіп қалған. Кейін Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен, фин үкіметінің басшысы Риннемен кездесуінде сырқаты тағы қайталанған. Бірақ артынша Меркель денсаулығы жақсы екенін айтқан еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети