Англияда коронавирустың тез тарайтын жаңа түрі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Англияда коронавирустың тез тарайтын жаңа түрі анықталды Фото: pixabay.com

Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа түрі анықталды. Ол қазіргі коронавирусқа қарағанда тез жұғады. Бұл туралы Біріккен Корольдіктің денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа түрі анықталды. Ол қазіргі коронавирусқа қарағанда тез жұғады. Бұл туралы Біріккен Корольдіктің денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Біздің генетиктер бірнеше күн бұрын коронавирустың жаңа түрін анықтады. Бұл Англияның оңтүстік-шығысында вирустың жылдам таралуымен байланысты болуы мүмкін. Алғашқы зерттеулер жаңа штамдар коронавирустың бізге белгілі түріне қарағанда анағұрлым тез тарайтынын көрсетті", - деді министр.

Хэнкоктың айтуынша, қазір Англияның оңтүстігіндегі 60 ауданда вирустың жаңа түрін жұқтырған мыңға жуық жағдай анықталған.

Министрдің айтуынша, вирустың жаңа мутациясы науқас жағдайының ауырлауына, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы вакцинаға реакция бермейді деуге еш негіз жоқ. Оның бірден өлімге әкеп соғуы мүмкін екеніне де дәлел жоқ. Алайда коронавирустың жаңа түрі тез тарайды және әлдеқайда жылдам жұғады.

"ДДҰ хабардар (вирустың жаңа түрі туралы)... Соңғы айларда коронавирустың бұл түрі Еуропаның басқа елдерінде анықталған", - деп қосты  Хэнкок.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети