Анкарада мемлекеттік төңкерісі әрекетінің салдарынан кем дегенде 60 адам қаза тапқан. Бұл туралы сенбіде Анкара прокуратурасының жазбаша мәлімдемесінде айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Анкарада мемлекеттік төңкерісі әрекетінің салдарынан кем дегенде 60 адам қаза тапқан. Бұл туралы сенбіде Анкара прокуратурасының жазбаша мәлімдемесінде айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Анкара қаласында бүлікшілер Түркия парламентінің ғимаратына, Türksat ғимаратына, Гёльбаши ауданындағы полиция академиясына әуе соққысын жасаған. Қаза болғандардың арасында әскерилердің де, бейбіт тұрғындардың да бар екендігі айтылады.
HaberTurk порталының мәліметінше, түрік билігі, соңғы ақпараттар бойынша, жағдайды бақылауға алып, бүлікшілерді ұстап, қамауға алу ойынша шаралардың жүріп жатқанын айтып отыр. Бұл туралы Бинали Йылдырым мәлімдеді. Алайда куәгерлердің мәліметінше, бүлікшілер әлі де қарулы шабуылдардың жалғасып жатыр. Бүлікшілердің Анкарадағы Dogan медиаходлингінің ғимаратын және CNN Turk телеарнасының ғимаратын басып алуға әрекеттеніп жатқаны айтылады.
© REUTERS/ IHLAS News Agency
Ал осының алдында Түркия президенті Тайып Ердоған түрік қарулы күштерінің Эскишехир қаласынан жойғыш ұшақтардың Анкарадағы ел парламентіне шабуыл жасап жатқан тікұшақты жоюға ұшып шыққанын мәлімдеген еді. NTV телеарнасының эфирінде Ердоған мемлекеттік төңкеріліс жасамақшы болды деп оппозициялық ислам уағызшысы Фетхуллах Гүленді айыптады. Ол қудалаудан кейін АҚШ-та тұрады. "Төңкеріліс жасау әрекеті жайлы белгілі болды. Мен бар халқымды көшелер мен алаңда күтемін. Біз лайықты жауап қатамыз. Бұл әрекеттің "Параллель мемлекеттің" жасағанын білеміз. Олар қатал жазаланады", - деді мемлекет басшысы. Ал АҚШ-тағы оппозициялық ислам уағызшысы Фетхуллах Гүленнің жақтастары өздеріне тағылған айыптың жосықсыз екенін айтып, түрік азаматтарының қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп отырғанын хабарлады.
© AFP 2016/ Yasin Akgul
Эфирінде Ердоғанның сөйлегені жайлы видеожазба көрсетілген CNN Turk телеарнасы Түркия президентінің қауіпсіздікте екенін хабарлады, себебі төңкеріліс әрекеті кезінде ол Бодрумдағы курортта болыпты. Кейбір ақпарат құралдары Түркия президентінің Германиядан саяси пана сұрағанын хабарлаған еді.
Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріліс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарнарал хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері құлыпталды.