Анкарада Ресей елшілігі орналасқан көшеге таяуда қаза тапқан Андрей Карлов есімі беріледі. Бұл туралы Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Анкарада Ресей елшілігі орналасқан көшеге таяуда қаза тапқан Андрей Карлов есімі беріледі. Бұл туралы Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Біз шешім қабылдадық, кеше маған Түркия премьер-министрі қоңырау шалып, Карлов мырзаның есімін Анкарада және осы елде мәңгі есте сақтау үшін Түркиядағы Ресей елшілігі орналасқан көшеге Андрей Карловтың есімі беріледі", - деді Чавушоглу Мәскеуде ресейлік СІМ басшысы Сергей Лавровпен өткен баспасөз конференциясында.
Чавушоглудың айтуынша, кісі өлтіруді ұйымдастырушылар Ресей мен Түркия арасындағы қарым қатынасты бұзуға жол бермейді. Қазіргі уақытта, Анкара тұрғындары ресейлік дипломатиялық миссия ғимаратына келіп, гүл шоқтарын қойып жатыр. Осы ауданда қауіпсіздік шаралары күшейтілген, көшеде көлік қозғалысы тоқтатылған.
Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловты өлтірген түрік полицейі Мевлют Мерт Алтынташ осыған дейін Анкарадағы Ресей Федерациясының елшілігін күзеткен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Мевлют Мерт Алтынташ Ресей елшілігінің күзетінде жүрген.