Анкарада теракт салдарынан қаза тапқандар саны 28-ге жетті

© Umit Bektas / Reuters

Анкарадағы теракт салдарынан қаза тапқандардың саны 28-ге жетті, - деп хабарлайды AFP.

Сонымен қатар, 60-тан аса адамның түрлі деңгейдегі жарақат алғаны белгілі болып отыр. "61 адам жарақат алды, олар қаладағы 14 ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандардың санын нақты айта алмаймын, бұл іс ІІМ құзыретінде", - деді елдің денсаулық сақтау министрі Мехмет Мюеззиноғлы.

Еске салайық, Түркия астанасының орталығындағы жойқын жарылыс кеше жергілікті уақыт бойынша сағат 18.30-да Қызылай ауданында болған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, әскери машина жатақхана маңынан өтіп бара жатқан кезінде сол маңда тұрған көлік жарылған. Ал Түркияның билеуші партиясының өкілдері жарылыстың теракт екенін мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама