Анкара орталығында жойқын жарылыс болды

17 Ақпан 2016, 23:22
0
Анкара орталығында жойқын жарылыс болды - © Fotolia/ Matyas Rehak
© Fotolia/ Matyas Rehak

Анкараның орталығында әскерилерге арналған жатақхана ғимаратының маңында жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі NTV телеарнасына сілтеме жасап.

Жарылыс жергілікті уақыт бойынша 19.30-да болған. Қуатты жарылыс түрік астанасының көпшілік ауданында естілген. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің жеткені хабарланып отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, әскери машина жатақхана маңынан өтіп бара жатқан кезінде сол маңда тұрған көлік жарылған. Ал Түркияның билеуші партиясының өкілдері жарылыстың теракт екенін мәлімдеді.


© Cihan_News


Куәгерлер түсірген сурет

Билік өкілдерінің мәліметінше, жарылғыш зат қойылған автомобиль жарылып, кем дегенде бес адам қаза тапқан. Түркия премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы бұл төтенше жағдайдан хабар алған. CNN Turk зардап шеккендер жайлы мәлімет таратып жатыр. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері жеткен. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай