Анкарадағы жарылыстардан қаза болғандар саны 95-ке жетті

Анкарадағы жарылыстардан қаза болғандар саны 95-ке жетті © РИА Новости

Анкарадағы теракттан қаза болғандар саны 95-ке жетті, 246 адам жарақат алған, олардың 48-і жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоғлыға сілтеме жасап.

Премьердің кеңсесінің өкілдері жазбаша мәлімдемесінде террорлық актіні тергеудің жалғасып жатқанын, Анкара прокуратурасының қаза болғандардың аты-жөнін анықтаумен айналысып жатқанын хабарлады. 

Еске салайық, Түркиядағы теміржол вокзалының маңында екі жарылыс болған еді. Кеше ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға Анкара қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама