Ресейдің ТЖМ Ростов-на-Донуда апатқа ұшыраған лайнердегі жолаушылар мен экипаж мүшелерінің тізімін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости. Басылым мәліметінше, жеті экипаж мүшесінің алтауы - шетелдіктер.
Ресейдің ТЖМ Ростов-на-Донуда апатқа ұшыраған лайнердегі жолаушылар мен экипаж мүшелерінің тізімін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости. Басылым мәліметінше, жеті экипаж мүшесінің алтауы - шетелдіктер.
Жарияланған тізімде ұшақтың 55 жолаушысының аты-жөні аталған. Олардың қай елдің азаматы екені қазір анықталып жатыр. Boeing экипаж мүшелерінің алтауы шетелдік болып шықты. Олар: Сократоус Аристос, Алава Круз Алехандро, Курбело Каро Жавьер Алехандро, Конфаит Алекс Доминик Йорам, Делакрус Лаура Патриция, Назирдинова Жұлдыз, сонымен қатар Ресей азаматы Максим Аудрус.
Айта кетейік, бұған дейін апатқа ұшыраған лайнердің командирі Грекия азаматы болғаны хабарланған еді. Сонымен қатар, экипажға Испанияның екі азаматы, Ресейдің, Қазақстанның, Колумбияның және Сейшель аралдарының бір-бір азаматтары мүше болыпты. Дегенмен ҚР СІМ бұл ақпаратты әзірше растаған жоқ. "Біз қазір бұл мәліметті тексеріп жатырмыз. Оқиғаның мән-жайын толығырақ хабарлаймыз", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.
Flydubai әуе компаниясы болса 55 жолаушының 33-і әйел, 18-і ер адам және 4 баланың болғанын хабарлады. Компанияның атқарушы директоры Гаит Аль Гаиттің айтуынша, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, ТЖМ басшысы мен өңірлік губернаторға қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.
© Donday.ru.
Еске салайық, әуе апаты бүгін, Астана уақыты бойынша 19 наурызда сағат 6.50-де Ростов-на-Дону әуежайында болды. Дубайдан келе жатқан "Боинг-737-800" ұшып-қону жолағынан 100 метр жерге құлап, бөлініп кеткен де, кейін өртенген. Ұшақ бортында төрт баланың болғаны анықталды.