Мысырдың қарулы күштері Facebook әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында апатқа ұшыраған лайнердің теңізден алып шығарылған бөліктерінің суреттерін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Мысырдың қарулы күштері Facebook әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында апатқа ұшыраған лайнердің теңізден алып шығарылған бөліктерінің суреттерін жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Кадрдан сары түсті құтқару жилеттерін, жолаушылар орындығының бөліктерін көруге болады.
Сурет Мысыр ҚК өкілінің Facebook әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Еске сала кетейік, ұшақ радардан Каир уақыты бойынша кеше сағат 02.45-те жоғалып кеткен болатын. Ұшақ ол кезде Мысырдан 80 миль жерде болған. Ол радардан Грекияның аумағына кіргеннен кейін 20 минуттан соң жоғалып кетті. Аirbus A320 бортында 56 жолаушы және экипаждың 10 мүшесі болғаны анықталды. ұшақтың бөліктері кеше кешке Грекиядағы Карпатос аралынан табылды.