08 қаңтар 2020 | 10:59

Апатқа ұшыраған украиналық лайнердің жолаушылары түгел қаза тапты - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранда апатқа ұшыраған украиналық лайнердің бортында болған барлық адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Иранда апатқа ұшыраған украиналық лайнердің бортында болған барлық адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап. 

Ұшақ "Украина халықаралық әуе жолдары" әуекомпаниясына тиесілі. Иранның шұғыл медициналық көмек көрсету қызметінің басшысы Пирхоссейн Куливанд Куливанд IRINN мемлекеттік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында апат болған аймаққа жедел жәрдем бригадалары жіберілгенін, алайда олар зардап шеккендерге жақындай алмағанын, өйткені онда ұшақ бөлшектері жанып жатқанын хабарлаған.

Иранның IRNA жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, ұшақ бортында 170 жолаушы болған. Бұл туралы Иранның құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Моджтаба Кхалед хабарлады.

Еске салайық, мұның алдында Иранда 180 жолаушысы бар украиналық ұшақтың құлағаны хабарланған болатын. Лайнердің "техникалық ақауға" байланысты Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшырағаны айтылады. Әуежай басшысы әуе апатын растады. Ол ұшақтың әуежайдан ұшып шыққан бойда апатқа ұшырағанын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети