Апатқа ұшыраған украиналық лайнерге екі соққы жасалған - Видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Апатқа ұшыраған украиналық лайнерге екі соққы жасалған - Видео видеодан үзінді

Тегераннан ұшып шыққан украиналық ұшақты екі зымыранмен құлатқан. The New York Times газеті осыған дәлел ретінде видео ұсынды, - деп хабарлайды "Лента.ру".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тегераннан ұшып шыққан украиналық ұшақты екі зымыранмен құлатқан. The New York Times газеті осыған дәлел ретінде видео ұсынды, - деп хабарлайды "Лента.ру".

Видеода, түнгі уақытта бірінші зымыранның ұшқаны көрінеді, ол жермен параллель ұшып, жарылады. 12 секундтан соң сол нүктеден екінші зымыран ұшып, нысанға дөп тиеді. 

Басылым мәліметінше, видеоның жалған емесі дәлелдеген. Осыған дейін ирандық Ислам революциясы күзет корпусы (ИРКК) лайнерге соққы жасалған сәтте түсірілген видеоны жариялаған жергілікті тұрғынды қамауға алғаны айтылған еді.

Айта кетейік, 8 қаңтарда Иранда қайғылы оқиға болды: Тегеран әуежайына жақын маңда украиналық ұшақ құлады. Төтенше жағдай салдарынан 167 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі қаза тапты. Ұшақ бортында Ауғанстан, Германия, Иран, Канада, Украина, Ұлыбритания және Швеция азаматтары болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети