Apple топ-менеджерді TikTok-та сәтсіз әзілдегені үшін қызметінен босатты

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент
viewings icon 754 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Тони Блевинс. © Shacknews Тони Блевинс. © Shacknews

Apple компаниясы TikTok-тағы сәтсіз әзіл үшін сатып алу жөніндегі вице-президент Тони Блевинсті жұмыстан шығарды. Бұл туралы Bloomberg басылымында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vc.ru-ға сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Apple компаниясы TikTok-тағы сәтсіз әзіл үшін сатып алу жөніндегі вице-президент Тони Блевинсті жұмыстан шығарды. Бұл туралы Bloomberg басылымында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі vc.ru-ға сілтеме жасап.

Жұмыстан шығаруға себеп болған видео 2022 жылғы 5 қыркүйекте TikTok-та жарияланды. Онда блогер Блевинстен қымбат Mercedes-Benz SLR McLaren суперкарын сатып алатындай кім болып жұмыс істейтінін сұрады.

Блевинс сұраққа жауап ретінде 1981 жылы шыққан "Артур" фильмінің үзіндісін айтты: "Мен қымбат көліктерді ұнатамын, гольф ойнаймын және кеуделі ханымдарды жақсы көремін, бірақ демалыс және мереке күндері демаламын".

Apple HR бөлімі қызметкерлерден 1,3 миллион қаралымы бар видео туралы білді. Қызметкерлер мұндай пікірді гендерлік теңдік пен түрлілікті көпшілік алдында қолдайтын компания үшін қолайсыз деп санады. Кейінірек видео Apple-дің негізгі басшыларына жетті.

Блевинспен "қоштасу" туралы шешімді Apple компаниясының операциялық директоры Джефф Уильямс қабылдады, ол оның бұрынғы командасын уақытша басқарады. Блевинс Bloomberg-ке жұмыстан босатылғанын растады және "сәтсіз әзілден ренжіткен барлық адамнан" шын жүректен кешірім сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
20°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю