АҚШ әскерінің Сириядан қашан шығарылатыны белгілі болды

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ әскерінің Сириядан қашан шығарылатыны белгілі болды © фото REUTERS

Сәуірдің соңына қарай АҚШ әскерін Сириядан шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы Wall Street Journal журналы америкалық әкімшілік дереккөздеріне сілтеме жасап мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәуірдің соңына қарай АҚШ әскерін Сириядан шығару жоспарланып отыр. Бұл туралы Wall Street Journal журналы америкалық әкімшілік дереккөздеріне сілтеме жасап мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, Ақ үй өз бағытын өзгертпейді, олар әскерінің көп бөлігін наурыздың ортасында шығарады, сосын сәуірдің аяғына қарай бүкіл америкалық әскер Сириядан кетуді жоспарлап отыр.

Еске салайық, желтоқсанда АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядан АҚШ әскерін шығару туралы жарлыққа қол қойған болатын. "Сирияға қатысты, біз онда басында үш ай ғана болуды жоспарладық, бұл жеті жыл бұрынғы шара еді - біз әлі кетпедік. Мен президент болғанда, ДАИШ күшейіп тұрған еді, ал қазір бұл ұйым әлсіреп қалды. Сондықтан сол өңірдегі мемлекеттер, Түркияны қосқанда, террорлық ұйымнан қалдықтарды жоюға шамасы жетуі тиіс. Біз үйге қайтамыз", - деген еді Трамп Twitter желісіндегі парақшасында.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети