АҚШ азаматы ұлын шкафта төрт жыл тығып келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ азаматы ұлын шкафта төрт жыл тығып келген Фото с сайта vesti.ru

"Естімеген елде көп". АҚШ-тың Джорджия штатының құқық қорғау органдары осыдан төрт жыл бұрын жоғалып кеткен 13 жасар баланы тапты.  Russia Today  таратқан мәліметке қарағанда, төрт жылдан кейін табылған баланың әке-шешесі ажырасып кеткен екен. Ерлі-зайыптылардың арасында дау туындап, әкесі баласын ешкімге бергісі келмейді. Оның өз ұлын шкафта күшпен ұстап отыруының себебі осы.

Бұл сыбыс Флорида штатының полицейлеріне жетеді, яғни күдікті баласын үйінде еркінен тыс тығып отыр деген ақпарат. Дереу тәртіп сақшылары үйді тінтуге рұқсат алады. Бала шынымен де арнайы ойластырылып жасалған шкафтың ішінде отыр екен. Әбден қорқып қалған жәбірленуші өзін бостандыққа шығарған полиция қызметкерлеріне алғысты үсті-үстінен жаудырса керек.

"Тұтқынның" әкесі мен онымен бірге тұрып жатқан әйелге кәмелеттік жасқа толмаған баланы  еркінен айырып,  оған қатыгездік танытқандары үшін айып тағылды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети