АҚШ "Ислам мемлекетін" жойып жіберу мерзімін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ "Ислам мемлекетін" жойып жіберу мерзімін атады ©Topwar.ru

"Ислам мемлекеті" лаңкестік тобын жойып жіберуге халықаралық коалицияға он жылға дейін уақыт қажет. Бұл туралы АҚШ құрлық әскері штабының басшысы Рэй Одиерно CBS News басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ислам мемлекеті" лаңкестік тобын жойып жіберуге халықаралық коалицияға он жылға дейін уақыт қажет. Бұл туралы АҚШ құрлық әскері штабының басшысы Рэй Одиерно CBS News басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Lenta.ru.

"Бұл үш, бес, жеті немесе он жылға созылатын мәселе - оны бір түнде шеше салуға болмайды. АҚШ өздігінен "Ислам мемлекетін" жойып жібере алмайды. Біз тек көмек көрсете аламыз", - деді ол. Оның пікірінше, экстремистермен күресті бірінші кезекте араб елдері, нақтырақ айтқанда Ирак жүргізуі керек. Генералдың айтуынша, Бағдат "өз елі үшін соғысуға дайын жауынгерлердің дайындығына" назар аударуы керек. 

Осыған дейін Пентагонда Вашингтонның "Ислам мемлекетімен" жүргізілген күреске 2,7 миллиард долларды жаратқанын хабарланған болатын. Күн сайынғы күрестің құны 9 миллион теңге көрінеді. 

Еске сала кетейік, "Ислам мемлекеті" Ирак пен Сирия территориясының көп бөлігін жаулап алды. Орталық барлау басқармасының мәліметінше, 30 мыңға жеткен содырлар тобы жаулап алынған жерлерде халифат жариялап, аумағын кеңейтуге тырысып жатыр. "Ислам мемлекеті" тобы Сирияда үкіметтік жасақтарға қарсы соғысса, Иракта жергілікті әскерилер мен күрд халық жасақтары арасындағы соғысқа араласады. Содырларға қарсы Сирия, Ирак және АҚШ басшылығындағы халықаралық коалиция күресіп жатыр.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети