АҚШ соты Samsung-ті Apple-ге 120 миллион доллар төлеуге міндеттеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ соты Samsung-ті Apple-ге 120 миллион доллар төлеуге міндеттеді

Калифорния соты Samsung-ті екі патент құқығын бұзғаны үшін Apple-ге 120 миллион доллар төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Калифорния соты Samsung-ті екі патент құқығын бұзғаны үшін Apple-ге 120 миллион доллар төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 

Сот отырысына арнайы сайланған қатысушылар Samsung компаниясы Apple-ге 119,6 миллиона доллар төлеу керек деп шешті, алайда америкалық компанияның екі патентке қатысты айыбын растамады. Сот Apple Samsung-тің бір патентіне қарсы құқық бұзды деп санайды, бұл үшін 158,4 мың доллар өтемақы төленетінін айтты. 

Apple Samsung-тің Galaxy S3-ті қосқанда он девайсына наразылық білдіре отырып, компания бес патент бойынша құқық бұзды деп санайды. Америкалық компания Samsung-тен екі миллиардтан астам өтемақы талап еткен. Ал Samsung iPhone 5 пен  iPod-ты қосқанда Apple-дің төрт девайсы оңтүстіккореялық компанияның екі патентіне қарсы құқық бұзды деп, 6,2 миллион доллар талап еткен. 

Apple мен Samsung нарықтағы көшбасшылық үшін төрт құрлықта бір-бірімен бәсекелесіп келеді. Агенттік деректері бойынша өткен жылы олардың табысы 338,2 миллиард долларды құраған. Samsung компаниясының табысы 31 пайызды құраса,  Apple-дің табысы 15 пайызды құрайды 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети