АҚШ-та белгісіз біреулер Instagram жұлдызын зорлап, кейін өлтіріп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та белгісіз біреулер Instagram жұлдызын зорлап, кейін өлтіріп кеткен Instagram © Matthew McDermott

АҚШ-та 4 тамызда полицейлер денесінде зорлық белгілері бар Карина Ветрано есімді Instagram жұлдызының денесін тапты, - деп хабарлайды New York Post басылымы жергілікті құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та 4 тамызда полицейлер денесінде зорлық белгілері бар Карина Ветрано есімді Instagram жұлдызының денесін тапты, - деп хабарлайды New York Post басылымы жергілікті құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, белгісіз біреу қызды қатыгездікпен ұрып-соғып, кейін зорлап кеткен. "Қыздың мәйіті Howard Beach жағажайының маңында табылды. Оның денесінде бірнеше ауыр жарақат болды. Қазір кісі өлтіру дерегіне қатысты айғақтарды іздеп жатырмыз", - деп хабарлады полициядағылар.

Қазіргі уақытта cол аумақта тұратын және осы қылмысқа қатысы болуы мүмкін алты күдіктіден жауап алынып жатыр. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қаза тапқан қыздың бұрынғы сүйіктісінен де жауап алған. Алайда, тергеу жұмыстары барысында ол жігіттің бұл қылмысқа ешқандай қатысы жоқ екені расталды. Енді полициядағылар бұл қылмысты жасаған адам Ветраноның танысы емес деген пікірді айтып отыр.

Айта кетейік, Ветраноның ұялы телефонына соңғы рет қоңырау шалған оның әкесі екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети