АҚШ-та тоғыз жастағы бала ми қатерлі ісігіне шалдыққан досына көмектесудің жолын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та тоғыз жастағы бала ми қатерлі ісігіне шалдыққан досына көмектесудің жолын тапты © today.com

АҚШ-та тоғыз жастағы Брэди Кэйл (Brady Kahle) есімді оқушы ауыр дертке шалдыққан досының еміне ақша жинау үшін атақты спортшылардың қолтаңбасы бар өзінің сүйікті бейсбол карточкаларының коллекциясын сатуды ұйғарды, - деп хабарлайды Today.com. Дәрігерлер оның досы Лэнден Палатиноның (Landen Palatino) ми қатерлі ісігіне шалдыққанын анықтаған.

Брэди досының дерті жайында қаңтар айында біліп, бірден көмектесуге шешім қабылдады. "Менде көп бейсбол карточкасы бар және мен оларды игі іс үшін қолданғым келеді", - деді бала. Ол карточкаларды үш жасынан бастап жинаған. Сол кезден бері оның коллекциясында жүздеген құнды экземпляр жиналыпты. Ол карточкаларын арнайы акция барысында сатылымға шығарды.

Брэди мен Лэндэн

Брэди барлығы 500 карточканы сатты. Одан түскен қаржы - 7 мың доллар. Бала бұл ақшаның барлығын досының отбасына берді. Алдағы уақытта ол сегіз жастағы Лэндэнді құтқару үшін қалған карточкаларды сатуды жоспарлап отыр.

"Бастапқыда Лэндэн Брэдидің неліктен сүйікті карточкаларынан бас тартқанын түсінбеді, - дейді қатерлі дертке шалдыққан баланың анасы Тина Палатино. - Бірақ біз сөйлескеннен кейін ол егер бір кездері Брэдиге көмек керек болса Покемоны бар өз карточкаларының коллекциясын сататынын айтты. Сол сәтте жүрегім селк ете қалды".

Сонымен қатар, балалардың достығы жайында білген карточка өндіруші компаниялардың көпшілігі Брэдиге өз өнімдерін тегін жібере бастады, бала карточкаларды өзінің қайырымдылық саудасында сата алады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети