АҚШ-та жойқын құйыннан 23 адам қаза тапты

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та жойқын құйыннан 23 адам қаза тапты © Фото:instagram.com/lapiazzaditalia1

АҚШ-тың Алабама штатының Ли графында жойқын құйыннан кейін кем дегенде 23 адам қаза тапты, олардың ішінде балалар да бар, - деп хабарлайды Reuters.  

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Алабама штатының Ли графында жойқын құйыннан кейін кем дегенде 23 адам қаза тапты, олардың ішінде балалар да бар, - деп хабарлайды Reuters.  

Құтқарушылар іздеу жұмыстары әлі аяқталмағанын және қаза тапқандардың саны ұлғаюы мүмкін екенін айтты. Жергілікті шерифтің сөзінше, осыншама қираған жерді ол бұрын-соңды көрмеген. Көршілес тұрған Джорджияда да ағаштар тамырымен бірге ұшып кеткен. Оған қоса электр қуаты 21 000 тұтынушыда жоқ.

АҚШ Президенті Дональд Трамп жергілікті тұрғындарға сақ болу керектігін айтты.

Дәрігерлердің айтуынша, олардың көмегіне 40 адам жүгінген. Алабама штатының басшысы осыдан кейін де қолайсыз ауа райы болатынын ескерткен екен. Мектептерде сабақтар тоқтатылған. Электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети