АҚШ-тың Киевтегі елшілігінің территориясында жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Киевтегі елшілігінің территориясында жарылыс болды 2000.ua

АҚШ-тың Киевтегі елшілігінің территориясында жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Киев полиция басқармасындағылар осы дерекке қатысты "теракт" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Киевтегі елшілігінің территориясында жарылыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Киев полиция басқармасындағылар осы дерекке қатысты "теракт" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.

"Бүгін, 8 маусымда жергітікті уақытпен сағат 00.05-те астаналық полицияның кезекші бөліміне Киевтегі Шевченко ауданында орналасқан АҚШ-тың елшілігінің территориясында жарылыс болғаны хабарланды... Тексеріс кезінде белгісіз біреудің дипломатиялық өкілдігінің территориясына белгісіз жарылғыш зат лақтырғаны анықталды", - делінген хабарламада. 

Оқиға орнына полиция жөнелтілді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, жарылыстан ешкім зардап шекпеді. 

"112 Украина" телеарнасының мәліметінше, қазіргі уақытта елшілік территориясы қоршауға алынған. Елшіліктегілер өз кезегінде штат тәртібінде жұмысын жалғастыратынын хабарлады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети