Араб елдері Украинадағы жағдайға бейтараптық танытты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Араб елдері Украинадағы жағдайға бейтараптық танытты

Араб елдері Ресей-Украина төңірегіндегі жағдайға бейтараптық жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Египеттің мемлекеттік ақпараттық қызметінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Араб елдері Ресей-Украина төңірегіндегі жағдайға бейтараптық жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Египеттің мемлекеттік ақпараттық қызметінің сайтына сілтеме жасап.

Араб мемлекеттері Лигасының кеңесі Кувейт маңындағы АМЛ Бас хатшылығының штаб-пәтерінде Украинадағы соңғы оқиғаларды талқылау үшін шұғыл отырыс өткізді. Кеңес Египеттің бастамасымен өтті, оны Кувейт, Иордания және бірқатар араб елдері қолдады.

Араб мемлекеттері Лигасының Бас хатшысы көмекшісі Хусам Заки отырыста Украинадағы қазіргі жағдайға бірлескен мәлімдеме қабылданғанын айтты.

"Араб елдері Украинамен де, Ресеймен де достық қарым-қатынаста. Ал достарға олардың екеуі бір-бірімен соғысып жатқанын көру қиын, сондықтан Араб мемлекеттері Лигасы бейтараптық позициясын ұсынады", - деді Хусам Заки.

Араб мемлекеттері Лигасының штаб-пәтерінде өткен кездесуде тұрақты өкілдер Украинадағы гуманитарлық жағдайдың нашарлауына алаңдаушылық білдіріп, қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге ықпал ету үшін министрлер деңгейінде арнайы байланыс тобын құруға дайын екендіктерін мәлімдеді. Лига барлық мүдделі тараптарды Украинадағы қазіргі жағдайды диалог пен дипломатия арқылы шешуге шақырды.

Араб мемлекеттері Лигасына Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Кувейт сияқты 18 араб елі кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети