21 ақпан 2021 09:47

Ардагердің отбасы Навальныйға қатысты сот шешіміне қанағаттанбады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Мәскеу қаласы Бабушкинский аудандық сотының баспасөз қызметі Фото: Мәскеу қаласы Бабушкинский аудандық сотының баспасөз қызметі

Ұлы Отан соғысының ардагері Игнат Артеменконың отбасы Алексей Навальныйға қатысты сот шешіміне қанағаттанбаған. Ардагер қызының айтуынша, олар кешірім сұрайды деп үміттенген, бірақ тек "процестен ақша өндіргісі келеді деген жаңа жала" айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ұлы Отан соғысының ардагері Игнат Артеменконың отбасы Алексей Навальныйға қатысты сот шешіміне қанағаттанбаған. Ардагер қызының айтуынша, олар кешірім сұрайды деп үміттенген, бірақ тек "процестен ақша өндіргісі келеді деген жаңа жала" айтылған, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Әкем Навальный сотта соңғы сөзінде әлі де кешірім сұрайды деп күткен, бірақ, өкінішке қарай, олай болған жоқ. Керісінше, ол қарт адамды мазақ етіп, оны және бүкіл отбасын қорлауды жалғастырды, сонымен қатар ол бірнеше рет тағы жала жапты. Біз бұл процестен ақша көздеп отырғанымызды айтты. Мұны жала демей, басқаша қалай атауға болады... Сондықтан, әрине, істің қорытындысына қанағаттанбадық. Әкем сотқа моральдық айыпты өтесін деп жүгінбеді, ол тек жала жауып, қорлағаны үшін кешірім сұрауды талап етті", - деді ардагердің қызы.

Еске салайық, сот Алексей Навальныйды Ұлы Отан соғысының ардагері Игнат Артеменкоға жала жапқаны үшін кінәлі деп таныды. Сот шешіміне сәйкес сенбіде Навальный Ұлы Отан соғысының ардагері Игнат Артеменкоға жала жапқаны үшін 850 мың рубль (4,79 миллион теңге) айыппұл төлеуі керек. Сонымен қатар, Навальный "Ив Роше" ісі бойынша 3,5 жылға сотталды.  Ол шамамен 2,5 жылын тұтқында өткізуі тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети