Аргентина астанасы Буэнос-Айрестен Сантьяго-дель-Эстероға көшірілуі мүмкін, - деп хабарлайды британ басылымдарына сілтеме жасаған РИА Новости.
Аргентина астанасы Буэнос-Айрестен Сантьяго-дель-Эстероға көшірілуі мүмкін, - деп хабарлайды британ басылымдарына сілтеме жасаған РИА Новости.
Ел президенті Кристина Фернандес де Киршнердің сөзіне қарағанда, бұл ретте қазіргі астанадан 1000 шақырымда орналасқан қала нысанға алынып отыр. "Біз өз астанамызды қайда көшіру қажеттігі туралы ойлануымыз керек. Оны ел орталығына жақын ету керек шығар немесе осы жаққа, Аргентина қалаларының анасы - Сантьяго-дель-Эстероға көшу керек пе?" деп келтіреді Telegraph президент мәлімдемесін.
Дегенмен кейбір сарапшылар мемлекет басшысының "бұл жай ресми мәлімдемесі" деп баға беріп, оны шындап қабылдамай отыр.
Аргентинада біраздан бері қарыз дағдарысы орын алған. Мемлекеттік құнды қағаздарды қайта құрылымдау шарттарына келіспеген Аргентинадағы құнды қағаздарды ұстаушыларды АҚШ-тың жоғары соты 1,33 миллиард доллар төлеуді міндеттеген. Осыған байланысты елдің қарыз бойынша мәселесі ушыға түскен.