Аргентинада жаңа президент сайланды. Венесуэла мен Мексика СІМ министрлері аргентиналық оппозиционер Альберто Фернандесті сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Аргентинада жаңа президент сайланды. Венесуэла мен Мексика СІМ министрлері аргентиналық оппозиционер Альберто Фернандесті сайлаудағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Қазіргі уақытта 96,5 пайыз дауыс қаралған. Соның нәтижесінде Фернандес 48,06 пайыз, ал елдің қазіргі президенті Маурисио Макри - 40,4 пайыз жинаған. Жаңа сайланған президент қызметіне 10 желтоқсанда кіріседі.
"Мексика үкіметі Фернандесті Аргентина президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтап, достық әрі одақтастықты қайта жандандыруға дайын екенін жеткізеді", - деді Мексика СІМөкілдерінің хабарламасында.
Аргентинаның қазіргі президенті Маурисио Макрида өз қарсыласын құттықтады.
"Жаңадан сайланған президент Альберто Фернандесті құттықтағым келеді", - деді Макри. Ол дүйсенбіде оны кездесуге шақырғанын айтты.
Аргентинада президент сайлауы 27 қазанда өтті.