Армения әлем қауымдастығын Әзербайжанның әрекетіне қатысты шара қолдануға шақырды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Армения әлем қауымдастығын Әзербайжанның әрекетіне қатысты шара қолдануға шақырды Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Армения Сыртқы істер министрлігі халықаралық қауымдастықты Әзербайжанның Таулы Қарабақтағы әрекеттерін тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Армения Сыртқы істер министрлігі халықаралық қауымдастықты Әзербайжанның Таулы Қарабақтағы әрекеттерін тоқтатуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Армения Сыртқы істер министрлігі Әзербайжан бітімгершілік күштері бақылауындағы аймақтарға шабуыл жасап, атысты тоқтату келісімін бұзғанын мәлімдеді.

"Армения аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықты орнатуды жақтайтынын растайды, сондай-ақ халықаралық қауымдастықты Әзербайжанның агрессияға толы әрекеттерін тоқтату және бұл үшін қажетті халықаралық механизмдерді қолдануға шаралар қабылдауға шақырады", - делінген министрлік баспасөз қызметі хабарламасында.

Еуропалық Одақ қақтығыстарды тез арада тоқтатуға шақырып, екі тарап та атысты тоқтату келісімін құрметтеуге тиіс деп мәлімдеді, бұл үндеуді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының поляк төрағасы да қолдады.

АҚШ та Таулы Қарабақтағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, шиеленісті тоқтауға шақырды.

"Америка Құрама Штаттары Таулы Қарабақ төңірегінде қақтығыстар, соның ішінде қаза тапқандар мен жараланғандар туралы хабарларға қатты алаңдайды және оларды жіті қадағалап отыр. Біз шиеленісті бәсеңдету және одан әрі шиеленіске жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауға шақырамыз", - деді АҚШ Мемлекеттік департаменті басшысы Нед Прайс.

Еске салайық, кеше мойындалмаған Таулы Қарабақ басшысы Араик Арутюнян аймақтағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты әскер жұмылдырылғанын мәлімдеді. Әзербайжан әскері операция жүргізгенін хабарлады. Соғыс алаңының солтүстік-батыс бағытында Әзербайжан бөлімшелері гранатометтерді, ұшқышсыз ұшақтарды қолданған. Таулы Қарабақ Республикасы (СҚО) Қорғаныс министрлігі мәліметінше, 14 армян әскери қызметкері жараланып, біреуі қаза тапқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети