Армения Әзербайжанның Қарабақ астанасын бомбалаған видеосын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Армения Әзербайжанның Қарабақ астанасын бомбалаған видеосын көрсетті Фото: Reuters

Арменияның Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян Facebook желісіндегі парақшасында Таулы Қарабақ Республикасының (мойындалмаған) астанасы Степанакертке жасалған соққының видеосын жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арменияның Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян Facebook желісіндегі парақшасында Таулы Қарабақ Республикасының (мойындалмаған) астанасы Степанакертке жасалған соққының видеосын жариялады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Роликтің басында дабыл естіледі, кейін Әзербайжан тарапынан бомбаның соққысын көруге болады. Видеоның екінші бөлігінде соққының салдары: адамдардың көліктері, үйлердің қирағаны, снарядтардың қалдығы көрсетілген.

Еске салайық, 27 қыркүйекте Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.

"Жаңалық қате, қақтығыс емес". Танымал тұлғалар Таулы Қарабақтағы жағдай туралы не дейді?

Себебі Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения Қарулы Күштері Қарабақтағы елді мекендерге оқ жаудырғанын мәлімдеді, осы ақпараттарға сәйкес, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Армения ҚМ мәлімдеуінше, Карабақ "әуе және зымыран шабуылына тап болған", Армения Әзербайжанның екі тікұшағы мен үш ұшағын жойғанын хабарлады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети