Армения Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Армения ҚМ сайтынан Фото: Армения ҚМ сайтынан

Армения Министрлер кабинеті Қарабақтағы жағдайға байланысты елде әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады. Бұл туралы премьер-министр Никол Пашинян мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Армения Министрлер кабинеті Қарабақтағы жағдайға байланысты елде әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады. Бұл туралы премьер-министр Никол Пашинян мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Армения Республикасы үкіметінің шешімімен соғыс жағдайы және жалпы мобилизация жарияланады. Шешім ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді. Әскерге тіркелген жеке құрамды өзінің аумақтық әскери комиссариатына келуге шақырамын", - деп жазды Армения премьер-министрі Никол Пашинян Facebook-те.

Бұған дейін Пашинян Министрлер кабинеті соғыс жағдайын енгізу мәселесін қарастыратынын айтқан болатын және ер адамдарды Отанын қорғауға дайын болуға шақырған.  

Армения Қорғаныс министрлігі соңғы сағаттарда республиканың барлық аумағында жеке азаматтар мен азаматтар тобы (10 000 адамға дейін) әскери комиссариаттарға оларды әскерге тіркеу және арцахо-әзірбайжан шекарасына жіберу туралы өтінішпен келіп жатқандарын хабарлады.

"Армения Қорғаныс министрлігі отандастарымыздың дайындығын жоғары бағалай отырып, қазіргі уақытта еріктілер керек емес деп мәлімдейді, ал қажеттілік туса, АР ҚМ жеке, арнайы мәлімдеме жасайды", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro